ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ МҰРАГЕРЛІК НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ БИЛЕР СОТЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202584-4
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада қазақ даласындағы мұрагерлік институтының тарихи қалыптасуы, оның ислам шариғатымен өзара ықпалдасуы және билер сотының практикасында көрініс табуы кең көлемде қарастырылады. Зерттеуде ең алдымен Құран мен сүннетке негізделген ислам мұрагерлік құқығының негізгі қағидалары баяндалып, әйелдер мен балалардың мұраға қатысу құқығы, фард үлестерінің белгіленуі, өсиет шектеулері және жетім-жесірдің ақысын қорғау сияқты маңызды аспектілер талданады. Осыдан кейін көшпелі қазақ қауымында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сүйенген мұрагерлік тәртібі – кенже ұлдың қара шаңырақты мұрагерлеуі, қыз баланың жасау арқылы енші алуы, әмеңгерлік институтының рөлі және рулық мүлікті сақтаудың маңызы – салыстырмалы түрде зерттеледі. Билер сотының мұрагерлік дауларды шешу тәжірибесі арқылы шариғат нормаларының қандай жағдайларда қолданылып, қалай бейімделгендігі анықталады. Мақала қазақтың құқықтық мәдениетінде исламдық құқық пен дәстүрлі адаттың бірін-бірі толықтыра отырып дамығанын, олардың ортақ құндылықтары мен кейбір айырмашылықтары қоғамның құқықтық санасына ұзақ мерзімді әсер еткенін көрсетуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері тарихи құқықтық тәжірибені қазіргі заманда түсіну үшін маңызды ғылыми маңызға ие.