АЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2025.62.4.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім қоғамын дамыту жолында әлемдік қауымдастықтың алдында жаңа сын-қатерлер пайда болып, олар білім беру саласында тұжырымдамалық, құрылымдық-ұйымдастырушылық және мазмұндық-процестік деңгейлерде ауқымды жаңғырту үдерістерін бастауға түрткі болды. Осындай жағдайда жаһандық еңбек нарығы өмірдің барлық салаларында инновациялық даму қабілеті бар адами капиталдың сапалы даярлығын талап етеді.Бұл тұрғыда жоғары білім беру жүйесіндегі реформаларды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету ерекше маңызға ие, себебі ол жаңғырту үдерістерінің бағытын, қарқынын және тұрақтылығын айқындайды. Орталық Азия елдері контексінде бұл аспект ұлттық білім беру стандарттарын халықаралық талаптармен үйлестіруге, сонымен қатар мәдени-тарихи дәстүрлерді сақтауға және дамытуға деген ұмтылыстан көрініс табады. Қазақстан мен Өзбекстандағы жоғары білім беруді дамытудағы нормативтік-құқықтық негіздердің салыстырмалы талдауы жаңғырту, интернационалдандыру және білім сапасын қамтамасыз ету тәсілдеріндегі ортақ үрдістер мен айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибені зерделеу жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділік факторларын және өзара байыту мүмкіндіктерін айқындау тұрғысынан ғылыми әрі тәжірибелік маңызға ие.Мақаланың мақсаты – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін ашып көрсету, сондай-ақ бұл елдердегі жоғары білім беруді модернизациялау, интернационалдандыру және білім сапасын қамтамасыз ету бағыттарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.