Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы мектеп педагогтерінің көзқарастары мен тәжірибесі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-140-152
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің құқықтық мәдениет деңгейін және оны қалыптастыруға әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған. Зерттеу жұмысының өзектілігі бүгінгі білім беру жүйесінде құқықтық сауаттылық пен қауіпсіз педагогикалық орта құрудың маңыздылығымен айқындалады. Кіріспе бөлімде құқықтық мәдениеттің теориялық мәні ашылып, оның негізгі компоненттері – құқықтық білім, құқықтық сана және құқықтық мінез – құлық екені ғылыми әдебиеттер негізінде дәйектеледі. Сонымен қатар, педагогтің құқықтық мәдениеті білім беру ортасының сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні халықаралық зерттеулер арқылы негізделді. Зерттеудің әдістемелік негізін 2025 жылдың қаңтар – ақпан айларында Павлодар және Астана қалаларындағы 183 педагогтің қатысуымен жүргізілген онлайн сауалнама құрады. Сауалнама педагогтердің құқықтық мәдениет деңгейін өзіндік бағалауы, құқықтық білімді дамытудағы қажеттілік пен кедергілер, құқықтық құзыреттілікті арттыру жолдары секілді 16 сұрақтан тұрды. Жиналған деректер сипаттамалық статистика әдістерімен өңделді.Сауалнама нәтижелері педагогтердің 79,8%-ы өз құқықтық мәдениет деңгейін жоғары бағалайтынын, алайда құқықтық білімді тәжірибеде қолдану деңгейі жеткіліксіз екенін көрсетті. Респонденттердің басым бөлігі (88%) университет бағдарламаларына құқықтық сауаттылық пәндерін енгізуді қолдайды, сондай-ақ құқықтық тренингтер (50,8%) мен практикалық семинарлардың (48,6%) тиімділігін атап өткен. Құқықтық мәдениетті дамытуға кедергі болатын негізгі факторлар ретінде тәжірибенің жетіспеушілігі (58,5%), ақпарат тапшылығы (18%) және құқықтық курстардың жеткіліксіздігі (38,8%) анықталды. Зерттеу нәтижелері құқықтық мәдениет пен кәсіби этика өзара тығыз байланысты екенін көрсетті (85,8%).Талқылау бөлімінде алынған нәтижелер халықаралық ғалымдар еңбектерімен салыстырыла отырып түсіндірілді. Зерттеу қорытындысы педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыру білім беру сапасын және мектеп ортасындағы құқықтық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік беретінімен түйінделген. Авторлар педагогтердің құқықтық құзыреттілігін дамыту үшін арнайы оқу модульдерін енгізу, практикалық кейс-сабақтар ұйымдастыру, әдістемелік ресурстар әзірлеу және ЖОО бағдарламаларына құқықтық білімді жүйелі енгізу жөнінде ұсыныстар ұсынады.