Инклюзивті ортада зияты зақымдалған оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру тәжірибесі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-128-139
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу өзектілігі еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесінің даму деңгейі мен ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар, оның қатарында зияты зақымдалған оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімдеу мүмкіндіктерін айқындау тұрғысынан қарастырылған. Оның барысында зияты зақымдалған оқушылардың әлеуметтік деңгейдегі бейімделуінде еңбек дағдыларының рөлін көрсетуден тұрады. Зерттеу мақсаты инклюзивті ортада еңбек дағдыларын қалыптастыру тиімді тәжірибелерін талдап, нормативті – құқықтық құжаттарға талдау жасау арқылы тәжірибедегі қиындықтарын анықтап, арнайы ұсыныстар әзірлеуден тұрады. Теориялық талдау барысында авторлар еңбек дағдылары, инклюзивті білім беру ортасындағы кәсіптік бағдар ұғымдарының мәнін анықтап, нақты зерттеу мәселесіне сай қарастырады. Сонымен қатар зияты зақымдалған оқушылардың психологиялық және денелік ерекшеліктеріне талдау жасап, аталған ерекшеліктердің еңбекке баулуға, оның негізінде кәсіби өмірге дайындық деңгейіне әсерін көрсеткен. Инклюзивті білім беру ортасын құрудың маңызды құрамдас бөліктері, арнайы құралдар, ерекше білім беру қажеттілігін ескеретін тапсырмаларды жоспарлау, оның барысында мамандардың бірлескен қызметін маңызын көрсеткен. Еңбек дағдыларын қалыптастырудағы негізгі деңгейлерді көрсетіп, әр білім алушыға жеке тәсілдемені тиімді қолданудың маңызын айқындаған. Жалпы білім беретін мектептердегі табысты тәжірибелер мысалдарын көрсету үшін арнайы зерттеу жүргізіп, кәсіптік бағдар жұмыстарының деңгейі анықталды. Инклюзивті ортада зияты зақымдалған оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру тәжірибесіндегі мәселелер мен қиындықтар анықталып, оның мүмкін болатын шешу жолдары берілген. Зерттеу нәтижесінде инклюзивті ортада еңбек дағдыларын қалыптастыру – зияты зақымдалған оқушылардың әлеуметтік бейімделуінің, кәсіби бағытталуының және қоғамға бейімдеу маңыздылығының маңызын айқындап, оның барысында ұсынылған тиімді тәжірибелер құнды қор болатыны берілген.