Орта білім беру жүйесінде жаңа терминдерді меңгерту арқылы білім алушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастыру

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-4-73-84
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жаңа терминдерді меңгеру үдерісінде білім алушылардың метапәндік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. XXI ғасырдағы білім беру кеңістігінде білім алушылардың пәндік білімімен қатар, ақпаратты талдау, біріктіру және оны жаңа жағдайларда қолдану қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда метапәндік тәсіл білім алушылардың метабілімін, метадағдыларын (ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау қабілеттері) және метақұндылықтарын (білімге деген ынта мен жауапкершілік) дамытуға бағытталады. Зерттеу орта мектептің 6-сынып білім алушылары арасында жүргізілді. Экспериментке жалпы 49 білім алушы қатысты. Мақалада «Жаңа терминдер» элективті курсы негізінде жаңа терминдерді оқытуда қолданылатын әдістер сипатталады: жобалық, зерттеу, проблемалық және интерактивті әдістер. Сондай-ақ пәнаралық интеграция мен цифрлық құралдарды («Mektep.Sozdik» қосымшасы) пайдалану білім алушылардың ақпараттық және терминологиялық сауаттылығын арттырудың тиімді тетігі ретінде көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде эксперементтік топтың терминологиялық сауаттылық деңгейі 43%-дан 84%-ға дейін өсті, бұл метапәндік құзыреттіліктің тиімді дамуын көрсетті.