Аннотация
Мақалада жасанды интеллект технологияларына негізделген кәсіби бейімділікті диагностикалау моделінің архитектурасы сипатталады. Модель деректерді зияткерлік чат-бот арқылы жинау, еңбек нарығы туралы ақпаратты NLP және кластерлеу әдістерімен талдау және білім алушылардың жеке профильдерін мамандық талаптарымен сәйкестендіру кезеңдерінен тұрады. Табиғи тілді өңдеу модельдері (BERT, GPT, Llama) пайдаланушы жауаптарын семантикалық талдауға мүмкіндік берсе, адаптивті диалог алгоритмдері деректерді жинаудың нақтылығын арттырады. Сәйкестендіру әдістері ретінде косинус ұқсастығы мен сиамдық нейрондық желілер қолданылып, кәсіби бағыттар мен жеке бейімділіктің үйлесімділігі бағаланады. Бұл тәсіл еңбек нарығы деректерімен біріге отырып, жекелендірілген кәсіби ұсынымдарқалыптастыруға мүмкіндік береді.