ҚАПТАМАЛЫ-ҚҰБЫРЛЫ ЖЫЛУАЛМАСТЫРҒЫШТАҒЫ ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСІНЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ЛАСТАНУ ҚАБАТЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.92.4.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар жылу энергетикасында, мұнай-газ өнеркәсіптерінде және химиялық инженерияда салқындату, қыздыру, булану процестерінде қолданылады. Бұл мақалада қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштағы жылу алмасу процесі зерттелді. Модельде құбырлар және қаптамадағы турбулентті ағын RANS (Reynolds-Averaged Navier–Stokes) теңдеулері арқылы сипатталды. Орташаландырылғаннан кейін, пайда болатын белгісіздерді шешу үшін, яғни жүйені тұйықтау мақсатында k-ε турбуленттік моделі қолданып, турбулентті параметрлер тәжірибелік деректер негізінде алынды. Алынған нәтижелер тәжірибелік нәтижелермен салыстырып, орташа салыстырмалы қате 1,59-1,68 % аралығында анықталып, модельдің есептеу дәлдігі және де физикалық процесті нақты сипатталғанына көз жеткізілді. Верификацияланған модель негізінде қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштағы құбырларда судағы тұздар мен бөлшектердің шөгуінен және коррозия өнімдерінің жиналуы нәтижесінде түзілетін ластану қабаты зерттелді.Нәтижелер көрсеткендей, ластану қабатының қалыңдауы жылуөткізгіштік коэффициентінің төмендеуіне, құбыр температураларының өсуіне және де жылуалмасу процесін тежеуіне алып келді. Алынған нәтижелер қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштардың тиімділігін арттыру және конструкциясын жетілдіру үшін, сонымен қатар энергетика және өнеркәсіп салаларында энергияны үнемдеу мақсатында және ластану процестерін азайту стратегияларын дайындау үшін қолданылуы мүмкін.