ИНТЕРФЕЙСІНДЕ ЛАНТАНОЙД ЖОҒАРЫ-ТҮРЛЕНДІРУ НАНОБӨЛШЕКТЕРІ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН МЕТАЛЛ-ТОТЫҚ/КРЕМНИЙ ФОТОКАТОДТЫ КЕШЕНДІ ДАЙЫНДАУ ЖОЛЫ

Recent Contributions to Physics, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/rcph2025953
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл жұмыста металл-ототық/кремний гетероқұрылымы негізіндегі интеграцияланған фотокатодтың дайындалу жолы ұсынылды. SnO₂ жұқа қабаты p-n⁺-Si төсенішінің алдыңғы бетіне магнетронды шашырату әдісімен тұндырылып, УК аймақ фотондарын сіңіру және коррозиядан қорғау қамтамасыз етілді. Артқы интерфейске NaYF₄:Er³⁺@PbS лантанойдты жоғары-түрлендіру нанобөлшектері (Ln-UCNPs) спин-айналдыру әдісімен кіріктіріліп, ЖИҚ аймақ (1550 нм) фотондарын көрінетін жарыққа түрлендіру арқылы кең спектрлі жұту қамтылды. СЭМ талдауы SnO₂ қабатының түйіршікті морфологиясын (қалыңдығы ~140 нм) және p-n⁺ өткелінің тереңдігін (~0,6 мкм) растады. ВАС өлшеулері тунельдік заряд тасымалын және Шоттки барьерін көрсетті. Спектралдық талдау фотосезімталдықтың 400–1100 нм диапазонда, әсіресе 870–900 нм шыңында өскенін анықтады. ФЭХ сынақтары Ln-UCNPs интеграциясы фототок тығыздығын ~5 есе арттырып, суды бөлу тиімділігін жақсартқанын дәлелдеді. Бұл кешенді құрылым Si негізді фотоэлектродтардың тұрақтылығы мен спектрлік тиімділігін арттыруда перспективті шешім болып табылады.