Физика пәнінде жобалық оқыту тәсілдерін қолдану

Recent Contributions to Physics, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/rcph2025956
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада физика курсында механикалық толқындардың интерференциясын зерттеу мысалында жобалық оқытудың тиімділігі қарастырылды. Зерттеу жұмысы цифрлық трансформация дәуірінде физика пәнін оқыту мазмұнын жаңғырту, оқу үрдісін ғылыми-тәжірибелік іс-әрекетке негіздеу және білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Физикадағы жобалық оқыту білім алушылардың зерттеушілік белсенділігі арттырып, олардың теориялық білімін нақты тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мақалада жобалық тәсілдің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, оның ғылыми білімді меңгерудегі артықшылықтары айқындалған. Зерттеу барысында білім алушылар механикалық толқындарың интерференциясын зерттейтін шағын жоба орындады. Жоба кезеңдері гипотеза ұсыну, эксперименттік қондырғы жасау, бақылау, деректер жинау және нәтижелерді талдауды қамтыды. Эксперимент нәтижелері толқын жиілігі мен амплитудасының өзгерісі интерференциялық сурет құрылымына әсер ететінін көрсетті. Алынған деректер теориялық модельдермен сәйкестендірілді және физикалық заңдылықтардың дұрыстығын растады. Жоба нәтижелері көрсеткендей, жобалық оқыту әдісі білім алушылардың зерттеу, аналитикалық және коммуникативтік құзыреттерін айтарлықтай дамытады. Сауалнама нәтижелері бойынша білім алушылардың көпшілігі жобалық жұмыс олардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін және бірлесіп әрекет ету қабілеттерін арттырғанын атап өтті. Зерттеу жобалық оқытудың цифрлық трансформация жағдайында физиканы оқытудың тиімді педагогикалық моделі екенін және оны жалпы білім берудің жаңартылған мазмұнына енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.