КОМИКС АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ: КЛИПТІК ОЙЛАУҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ҰРПАҚ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2025.94.4.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада комикс жанрының пайда болу тарихы, әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі орны және оның қазаіргі білім беру процесіндегі маңызы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында АҚШ, Еуропа, Жапония секілді елдердегі комикс жанрының даму кезеңдері мен негізгі өкілдері талданады. Сонымен қатар мақалада қазақ комикстерінің даму деңгейіне де назар аударылып, ХХ ғасырдың басындағы алғашқы комикстік элементтерден бастап қазіргі авторлық комикстерге дейінгі жобалар сараланады. Комикс –мәтін мен көркем бейнені ұштастыра отырып, оқиғаны визуалды түрде жеткізетін ерекше жанр. Комикс жанрының оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы, мәтінді тез қабылдатудағы, креативті ойлауды дамытудағы тиімділігі ғылыми тұрғыда негізделеді. Сондай-ақ комикстерді білім беруде қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері мен ұлттық мазмұнды шығармаларды заманауи форматта ұсынудың өзектілігі айқындалады.