USE OF GOAT MILK IN THE PRODUCTION OF FERMENTED DAIRY PRODUCTS

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/kfms7576
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Адам денсаулығының жағдайы көбінесе экологиялық, әлеуметтік және басқа факторлардың әсерінен бұзылатын тағамның сапасына, деңгейіне және құрылымына байланысты. Көптеген негізгі және кіші компоненттері бар күрделі химиялық жүйелер болып табылатын тамақ өнімдері ағзаға әртүрлі физиологиялық әсер етеді. Бұл дене функцияларының бұзылуының алдын алу мақсатында тамақтану рационың қолдануға мүмкіндік береді. Соңғы кездері сиыр сүтіне төзбеушілігі бар адамдар санының өсуі байқалды, бұл балама көздерді іздеуді қажет етеді. Осындай алмастырғыштардың бірі–тағамдық құндылығы жоғары және арнайы мақсаттағы өнімдерді, соның ішінде балалар тағамын өндіруде қолданылатын ешкі сүті. Негізінде, әлемдік тәжірибеде ешкі сүті негізінен ірімшік жасау үшін шикізат ретінде қарастырылды. Алайда, функционалды тамақ өнімдерін құру контекстінде оның технологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулер жеткіліксіз болып келеді. Ұсынылған мақалада ешкі сүті мен майсыздандырылған сиыр сүтінің физика-химиялық құрамын зерттеу нәтижелері көрсетілген, функционалды сүт қышқылды өнімдерінің технологиясын жасауда сүттің осы түрлерін пайдалану мүмкіндігі зерттелген.