ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.88.4.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «педагогикалық тәсілдеме» ұғымының мәнін аша отырып, оның педагогика саласындағы негізгі ұғымдардың бірі екендігі анықталады. Педагогикалық тәсілдемені қолдану, жүзеге асыру болашақ мұғалімдердің әдістемені терең меңгеруіне алып келеді. Бұл ретте болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту негізгі міндеттердің бірі болады. Сондықтан осы орайда құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік ұғымдарына сипаттамалар берілді. Әдістемелік құзыреттіліктің барлық түрлерімен терең қатынастағы ұғым ретінде әдістемелік құзыреттіліктің басқа құзыреттілік түрлерімен қатынасы түсіндіріледі. Мұндағы әдістемелік құзыреттілік формуласының мазмұны әдістемелік білім, әдістемелік шығармашылық, әдістемелік өнер, әдістемелік ойлау, әдістемелік мәдениет, әдістемелік сауаттылық болып құрылымдалады. Аталған құзыреттіліктердің мазмұны бір кәсіби сала бойынша жеткілікті деңгейдегі білімдердің жиынтығын ретінде баяндалады. Әдістемелік құзыреттілік кәсіби салада қызмет ететін маманның өз кәсібі жөніндегі теориялық және практикалық білімдерінің толыққанды болуын білдіреді. Біз, теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талдауда, әдістемелік құзыреттілік –теориядана жаңа теория туындатушы, барлық теориялық білімді тәжірибелік тұрғыдан шығармашылықпен қамтамасыз етуші құрылым деп нақтыланды.Эмпирикалық бөлімде болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзыреттіліктерінің дамуын диагностикалау жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, статистикалық талдаулары ұсынылады. Мұндағы диагностикалық кезеңдер: деңгейлерді анықтау кезеңі, лабораториялық кезең, диагностиканың қорытынды кезеңі болып жүзеге асырылды.