DEVELOPMENT OF TECHNOLOGY FOR MEAT SEMI-FINISHED PRODUCTS USING NATURAL ANTIOXIDANTS

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/mykr1056
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу нәтижелері жаңа «Жастар-L» жартылай ет фабрикаттарының сапалық сипаттамалары мен тағамдық құндылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. ҚР МемСТ Р 52675-2009 талаптарына сәйкес, бұл өнімдердегі ақуыздар, майлар және көмірсулардың мөлшері белгіленген нормаларға толық сай келеді. Сонымен қатар, жаңа өнімнің энергетикалық құндылығы дәстүрлі үлгілермен салыстырғанда 5,2%-ға төмендегені байқалды. Жартылайет фабрикаттарының құрамына жылқы етін қосу аминқышқылдық құрамның төмендеуіне алып келмеген. Бұған қоса, шикізатқа 0,075% дигидрокверцетин (спирттік ерітіндіде), 0,05% аскорбин қышқылы және 0,02% токоферол қосу линол, линолен және арахидон қышқылдарының жиынтық мөлшерін 7,3%-ға арттырған. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы (5 мг/%) мен токоферол (10 мг/%) енгізу арқылы өнімде С және Е дәрумендерінің болуы қамтамасыз етілді. Жалпы, бұл нәтижелер жаңа өнімнің биологиялық белсенді заттарға бай әрі сапалы екеніндәлелдейді.