Аннотация
Бұл мақалада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін суырлардың қазіргі популяциялық жағдайы, оларды есепке алу мен кадастрлық жұмыстардың барысы және алынған нәтижелер баяндалады. Зерттеу барысында Тянь-Шань тау жүйесінің батыс бөлігіне жататын Өгем мен Қаржантау жоталарындағы Мензбир суырының таралу ареалымен саны анықталды. Бұл эндемик түр еліміздің оңтүстігінде тек шектеулі аймақта кездеседі және ерекше қорғауды қажет етеді. Суырлар парк аумағында Сарыайғыр, Қасқасу, Бадам, Ұлыжұрт, Кішіжұрт, Шағыртас және Тікенекті өзендерінің жоғарғы бастауында, теңіз деңгейінен 2100–3500 метр биіктікте мекендейді. Суырларды есепке алудың барлық әдістерін 3 топқа біріктіруге болады: жер бетінде есепке алу, авиасанақтар және аэрофотосуреттер бойынша есепке алу. Суырларды жер бетінде есепке алу. Маршруттық-көзбен көру арқылы есепке алу әдісі тау суырларын есепке алу үшін қолданады. Бұл әдіс кезінде есепшілер берілген маршрут бойымен жүріп (жаяу, атпен), қозғалыс бағытының екі жағынан 100-200 метр ара қашықтықта көзге түскен барлық суырларды есепке алады. Бір суыр есепке алу бірлігі болып саналады. Маршрут ұзындығы карта бойынша немесе қадам санауыш құралы арқылы анықталады. Суырлардың орташа тығыздығын есептеу және экстраполяциялау кезінде, аңдардың тәуліктік белсенділіктеріне назар аударған жөн. Суырлар популяциясының таралу аумағын, сандық көрсеткіштерін және тіршілік ортасының жағдайын бағалау арқылы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің зоологиялық кадастрын толықтыру. Сол себепті төмендегідей жұмыстар жүргізілуде: суырлардың таралу аймағын анықтап, негізгі мекендеу биотоптарын сипаттау, популяцияның санын, тығыздығын және жас-жыныстық құрылымын есепке алу, індердің кеңістіктік орналасуын GPS-координаттар негізінде тіркеу және кадастрлық базаға енгізу, тіршілік ортасының экологиялық жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, популяцияны қорғау және тұрақтандыру бойынша. Мензбир суыры кеміргіштер отрядына, тиіндер тұқымдасына жатады және колония түрінде тіршілік етеді. Түр санының азаюына табиғи және антропогендік факторлар әсер еткен. Сондықтан ол Қазақстанның және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабына енгізілген. 2006 жылдан бастап бұл сирек сүтқоректіні қорғау шаралары Сайрам-Өгем ұлттық паркінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.