ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/06
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада соңғы онжылдықта Қазақстандағы сібір жарасының эпизоотиялық жағдайы, таралу ерекшеліктері және алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде аурудың пайда болу жиілігі мен географиялық таралуы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі ошақтар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарында тіркелген. Бұл аймақтарда қоздырғыштың споралары топырақта ұзақ сақталатындықтан, аурудың қайта таралу қаупі жоғары болып отыр. Орта есеппен жылына 8–15 жаңа ошақ анықталған, ал 2016, 2018 және 2022 жылдары аурудың көбеюі байқалған. Сібір жарасы негізінен ірі қара малда (60–65%) жиі кездессе, қой мен ешкіде 20–25%, жылқыда 10%, түйеде 5% деңгейінде тіркелген. Маусымдық тұрғыдан жаз және күз айларында аурудың таралу қаупі жоғарылаған, себебі жайылым жағдайында жануарлар спорамен ластанған шөп пен топыраққа жиі тап болады. Алдын алу үшін жыл сайын жоспарлы вакцинация жүргізіліп, орта есеппен 5–6 млн мал басы қамтылған. Дегенмен, кейбір аймақтарда толық орындалмауы жаңа ошақтардың пайда болуына себеп болған. Зерттеу нәтижелері сібір жарасы әлі де өзекті эпизоотиялық мәселе екенін көрсетті, сондықтан мониторингті күшейту, зертханалық диагностиканы жетілдіру, вакцинацияны толық қамту және ветеринариялық бақылауды арттыру қажет деп саналады