Аннотация
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АДАМҒАДА УЛЫҒЫ ҚАУІПТІ ӨРМЕКШІЛЕРДІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа.Мақалада Батыс Қазақстан облысы аумағында таралған улы өрмекшілердің үш түрі -Eresus kollari F.W. Rossi, 1846 (Eresidae), Allohogna singoriensis (Laxmann, 1770) (Lycosidae) және Latrodectus tredecimguttatus (P.Rossi, 1790) (Theridiidae) түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, экологиялық жағдайлары мен адамға тигізетін ықтимал қауіптілігі қарастырылған.E. kollari түрі -сирек кездесетін, негізінен ін ішінде тіршілік ететін, адамға агрессивтілігі төмен өрмекші.Оның шағуы жеңіл жергілікті реакциялармен сипатталады және адам өміріне айтарлықтай қауіп төндірмейді.А. singoriensis -өңірдің ең ірі өкілі, тарантулдар қатарына жатады.Бұл түр де адамға сирек қауіп төндіреді, уы ауырсыну мен ісік тудырғанымен, әдетте уланудың ауыр белгілерін бермейді.Ең қауіпті түр -L.tredecimguttatus (қарақұрт), оның уы нейротоксикалық әсер етіп, ауыр улануға және кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.Соңғы жылдары бұл түрдің Батыс Қазақстан облысында санының артуы мен ареалының кеңеюі, сонымен қатар елді мекендерге енуі байқалуда.Кілт сөздер: Eresus kollari; Allohogna singoriensis; Latrodectus tredecimguttatus; улы өрмекшілер; Батыс Қазақстан облысы. КіріспеӨрмекшілер (Araneae) -табиғи экожүйелердің құрылымында маңызды орын алатын, буынаяқтылар типіне жататын жыртқыштар тобы.Олар трофикалық тізбектердің негізгі буындарының бірі болып, ауыл шаруашылығы мен табиғи ландшафтардағы фитофаг жәндіктердің санын реттеуде айрықша экологиялық рөл атқарады.Дегенмен, өрмекшілердің бірқатар түрлері улы болып келеді және олардың уы адам ағзасына әсер етіп, әртүрлі дәрежедегі патологиялық реакциялар тудыруы мүмкін.Сол себепті улы өрмекшілердің биологиясын, экологиясын және таралу ерекшеліктерін зерттеу тек зоологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар медициналық және эпидемиологиялық маңызға да ие.Қазақстан аумағы табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігімен ерекшеленіп, өрмекшілердің көптеген тұқымдастары мен түрлерінің тіршілік етуіне қолайлы орта түзеді.Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы -дала, шөлейт