TRANSFORMATION OF CONSCIOUSNESS AND CHANGE OF PUBLIC POSITIONS IN THE CONTEXT OF DIGITALIZATION

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-153-4-22-43
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Цифрлық дәуірдегі жедел технологиялық өзгерістер адам санасы мен қоғамындағы құндылықтарға айтарлықтай ықпал етуде. Бұл мақалада сананың трансформациясы және цифрландыру жағдайындағы қоғамдық ұстанымдардың өзгеруі философиялық-әлеуметтік тұрғыдан талданады. Зерттеудің өзектілігі: қазіргі ақпараттық қоғамда адам сана-сезімінің құрылымы, дүниетанымы мен этикалық ұстанымдары бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге кезігіп отыр және оларды шешудің жолдарын іздестіру қажет. Мақаланың мақсаты – сана феноменінің цифрлық кеңістікте қалай өзгеретінін және оның қоғамдық қарым-қатынас, мораль, құндылықтар жүйесіне әсерін жан-жақты зерделеу. Зерттеу барысында классикалық және заманауи философтардың (Райл, Витгенштейн, Чалмерс, Черчленд, Гроф, Деннетт, Сёрл және т.б.) тұжырымдары талданып, олар қазіргі цифрлық мәдениет контексінде салыстырылды. Негізгі әдістер – философиялық концептуалдық талдау, әдеби шолу және әлеуметтік құбылыстарды теориялық салыстыру. Зерттеу нәтижесінде сананың кеңейтілген сипатқа ие болып, адамның когнитивтік үдерістерінің бір бөлігін сыртқы құрылғылар атқарып отырғаны анықталды; интернет дәуірінде моральдық жауапкершілік пен еркіндік түсініктері де жаңаша мәнге ие болды.