FINE ARTS: KAZAKHSTAN AND MONGOLIA AT THE END OF THE 20TH AND BEGINNING OF THE 21ST CENTURIES

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-153-4-220-235
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Қазақстан мен Моңғолияның бейнелеу өнерінің даму үдерісі, стильдік бағыттары мен көркемдік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Екі елдің де тарихи-мәдени ортақ тамырлары, көшпелі өмір салты мен дәстүрлі дүниетаным элементтері олардың қазіргі заманғы бейнелеу өнерінде өзіндік сипатпен көрініс тапқаны айқындалады. ХХ ғасырдың соңы – кеңестік идеологияның әлсіреп, ұлттық рухани жаңғыру кезеңіне ұласқан уақыт болды. Осы кезеңде қазақстандық және моңғол суретшілер дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыруға ұмтылды. Қазақстанда Ә. Қастеев атындағы өнер мектебі мен заманауи кескіндеме, графика, мүсін өнері саласында жаңа көркемдік тіл ізденістері пайда болды. К. Телжанов, Г. Исмаилова, Е. Сидоркин сынды суретшілердің шығармашылығы ұлттық рухты жаңғыртумен қатар, модернистік және экспрессионистік тәсілдерді қолдануымен ерекшеленді. Ал XXI ғасырдың басында жас буын суретшілер – инсталляция, перформанс, цифрлық және экологиялық бағыттар арқылы бейнелеу өнерін жаңа деңгейге көтерді. Моңғолияда да осыған ұқсас бағыт байқалды: социалистік реализм шеңберінен шығуға ұмтылған суретшілер ұлттық мифология мен буддистік символиканы қазіргі эстетикамен біріктірді. Б. Амгалан, Ц. Цолмон, П. Энхжаргал сияқты суретшілердің еңбектері ұлттық болмыс пен жаһандық мәдени үдерістердің тоғысын көрсетеді. Мақалада екі елдің өнеріндегі ортақ тенденциялар – ұлттық бірегейлікті сақтау, жаһандану жағдайындағы мәдени диалог, дәстүр мен технологияның үйлесімі – ғылыми тұрғыда салыстырмалы талданады. Сонымен қатар қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің қоғамдағы әлеуметтік және рухани қызметі айқындалып, болашақтағы даму бағыттары ұсынылады.