Аннотация
Бұл мақалада маска феномені адамның болмыстық құрылымын сахналық кеңістікте көрсету құралы ретінде философиялық тұрғыдан зерттеледі. Маска тек театр элементі ғана емес, адам мен қоғам арасындағы байланыс, ішкі сезім мен сыртқы рөл арасындағы диалектиканы ашатын символ болып табылады. Зерттеу драматургиялық шығармалар мен сахналық тәжірибе арқылы кейіпкердің өзіндік болмысын білдіруде масканың рөлін, шынайылық пен жасандылық, еркіндік пен әлеуметтік міндет арасындағы өзара қатынасты қарастырады. Философиялық, семиотикалық және психоанализдік тәсілдер негізінде Ницше, Юнг, Сартр және Фуко идеялары талданады. Сонымен қатар, қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі маскаға ұқсас рәміздер философиялық тұрғыдан интерпретацияланады. Нәтижесінде маска адам болмысының сахналық көрінісі ретінде тұлғаның ішкі еркіндігі мен рөлдік қатынас арасындағы байланысты, сондай-ақ шынайылық пен бейнеліліктің диалектикасын көрсететін философиялық категорияға айналады. Бұл зерттеу қазіргі философиялық дискурста әлеуметтік және мәдени процестерді терең түсінуге мүмкіндік береді.