Қазақстан мен Қытай арасындағы азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму үдерісі

International relations and international law Journal, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/irilj20251123
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық ынтымақтастық соңғы жылдары екі елдің экономикалық, саяси және экологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар бағытқа айналды. Климаттың өзгеруі, азық-түлік бағасының құбылуы, әлемнің әр жерінде соғыс ошақтарының тұтануы және жаһандық ресурстар тапшылығы жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екі ел үшін де ұзақ мерзімді тұрақты дамудың басты шарты болып отыр. Қазақстанның кең егістік алқаптары мен табиғи әлеуеті Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген өсіп келе жатқан сұранысымен ұштасып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Соңғы жылдары аграрлық сауда көлемінің артуы, қайта өңдеу және логистика салаларындағы жобалардың көбеюі осы серіктестіктің маңызын көрсетеді. Дегенмен, жер пайдалану тетіктерінің ашықтығы, экологиялық қауіпсіздік, ұлттық мүдделерді қорғау және реттеу жүйелерінің үйлесімділігі сияқты бірқатар мәселелер шешуді қажет етеді. Зерттеу Қазақстан-Қытай аграрлық ынтымақтастығын азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты даму тұрғысынан жан-жақты талдайды. Әдебиеттерге шолу, сандық-сапалық талдау және саясаттанушылық бағалау арқылы 2020–2023 жылдардағы сауда динамикасы мен бірлескен жобалардың әсері зерттелген. Талдау екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетеді, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған ұсыныстар ұсынады. Жалпы нәтижелер Қазақстанның жаһандық аграрлық нарықтағы рөлінің артып келе жатқанын және Қытаймен серіктестіктің стратегиялық маңызын айқындайды. Сонымен бірге, Қытайға тәуелділіктің біртіндеп күшеюі екіжақты қатынастар динамикасын терең түсінуді талап етеді. Түйін сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму, Қазақстан, Қытай, аграрлық қатынастар.