Жоғары оқу орындарында перифразды студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту құралы ретінде оқытудың әдістемелік аспектілері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258516
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тіл біліміндегі көркемдік тәсілдің айырықша түрі - перифраз туралы сөз болады. Аталған бейнелеу тәсіліне қатысты шетел ғалымдары мен отандық ғалымдардың зерттеулері, ғылыми мақалалары жан-жақты талданған. Тілші ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдар бүгінгі күн тұрғысынан бағамдалып, перифраздардың өзіндік белгілері сараланды. Қазақ тілінің сөздік құрамын зерттеген ғалымдар перифразды көріктеуіш тәсілдермен сабақтастыра зерделеген. Ғалымдардың басым бөлігі перифраздарды мазмұндық және құрылымдық сипаттары бойынша метафора, метонимия, синекдоха, эвфемизм, табу, сөз тіркесі, күрделі сөздер мен фразеологизмдерге қатысты ортақ және ерекшеленетін қырлары тұрғысынан ғылыми талдауды қажет етеді деп пайымдайды. Қазіргі кезде қарым-қатынаста ойды ықшамдап жеткізу үшін және ана тілінің көркемдігін таныту үшін тілдік оралымдарды астарлы мағынада қолданылатын перифраздарды қолдану маңызды. Абай шығармаларындағы перифраздар мысалға алынып, ойды құбылтып жеткізудегі маңызы көрсетілді. Болашақ филолог мамандардың перифраз ұғымы туралы түсініктерін анықтау мақсатында сауалнама әдісі арқылы зерттеу жүргізіліп, нәтижесі сипатталды және қорытынды жасалды. Экспериментке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "6В01701- қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 1 курс білім алушылары қатысып, респонденттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 3 топ, 66 білім алушы қатысты. Түйін сөздер: перифраза, перифраза құбылысы, ауыспалы мағына, көріктеуіш құрал, теңеу, зерделеу.