Білім берудің цифрлық трансформациялануындағы кәсіби даму және педагогтердің цифрлық сауаттылығы

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes2025854
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы цифрлық сауаттылық қазіргі білім беру кеңістігінде маңызды рөл атқарады. Мақалада педагогикалық үдерістегі білім берудің цифрлық трансформациясы, педагогтің кәсіби өсуіндегі инновациялық мүмкіндіктер талданады. Мақалада мұғалімдердің кәсіби өзін-өзі дамыту, ақпараттық және кәсіби дағдыларды дамыту мәселелеріне: педагогикалық менеджмент негізінде оқытуды басқару қабілеттері, интерактивті оқу ресурстарын құру дағдылары, ашықтық, мобильді типтегі мультимедиялық мазмұн формалары, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері, оқу нәтижелерін тексерудің жаңа педагогикалық әдістері, онлайн сабақтарды ұйымдастыру, білім беру процесінде синхронды және асинхронды өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, білім алушылармен кері байланыс орнатуына назар аударылады. Зерттеу әдістері: әдебиеттерді талдау, сауалнама, Т. Д. Дубовицкаяның " студенттердің кәсіби бағдарлану деңгейін диагностикалау" тесі, т. б. әдістер. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде 90 мектеп мұғалімдері мен педагогикалық мамандықтар студенттеріне сауалнама жүргізілді. Тәжірибелік-зерттеу жұмысының нәтижесінде цифрлық трансформация жағдайында педагогтердің кәсіби дамуындағы инновациялық мүмкіндіктерін сынақтан өткізу жөніндегі бағыттар айқындалды. Түйін сөздер: білім беру, цифрлық трансформациялану, цифрлық сауаттылық, педагог, цифрлық білім беру ресурстары, кәсіби даму, интерактивті оқу ресурстары.