1930-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАТЫСТЫҚ ТАРИХНАМАДА (2000-2024 ЖЖ.)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251195
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 1930-шы жылдардағы қазақ босқыншылығы мәселесінің батыстық тарихнамада (2000-2024 жж.) зерттелу деңгейі қарастырылады. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру, тәркілеу, отырықшыландыру және ашаршылық салдарынан орын алған босқыншылық ұзақ уақыт бойы «жабық» тақырыптардың бірі болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін архив материалдарының қолжетімділігі артып, бұл мәселе шетелдік зерттеушілердің назарын аудара бастады. Ал, ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген батыс тарихшыларының еңбектерде қазақ босқыншылығы жаңа методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талданып, ол халықаралық ғылыми кеңістікте өзекті тақырыпқа айналды. Зерттеудің мақсаты – батыс тарихшыларының еңбектеріндегі (2000-2024 жж.) қазақ босқыншылығы мәселесіне қатысты көзқарастарды анықтап, олардың зерттеу әдістері мен тұжырымдарын талдау болып табылады. Мақалада «босқын», «откочевник» ұғымдарының кейінгі тарихи әдебиеттерде «қазақ ашаршылық босқыны» сөзімен алмастырылуы, сондай-ақ елден көшіп кеткен және қайтып оралған босқындар санына қатысты пікірталастар талданды. Зерттеу барысында салыстыру, талдау және жүйелеу әдістері кеңінен қолданылды. Орталық Азия республикалары мен Сібірдегі қазақ босқындары мәселесінің кей тұстары зерттелгенімен, Ауғанстан мен Иранға ауа көшкендер мәселесі батыстық тарихнамада қарастырылмаған. Дегенмен, батыс тарихшыларының жаңа ұстанымдар негізінде жазылған еңбектері (2000-2024 жж.) қазақ босқыншылығы тақырыбының зерттелуіне маңызды үлес қосып, оны пәнаралық байланыста арнайы зерттеудің қажеттігін көрсетті.