ҚАЗАҚСТАНДА ОРТА БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ (1950-1980 жж.)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251196
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақаланың мақсаты – 1950-1980 жж. Қазақстандағы орта білім беру ісінің даму тарихын зерттеу арқылы арқылы бүгінгі қазақстандық орта мектептердің негізінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи оқиғалар мен әртүрлі реформалардың маңыздылығына талдау жасау. Зерттеудің жаңалығы КСРО халықтары арасында орта білім беру ісін ұйымдастырудың деңгейі мен әдістеріндегі ортақ және өзгешелікті анықтау негізінде орта білім беру ісінің барысы салыстырмалы талдаумен анықталды. Мақалада, 1950-1980 жж. жалпыға міндетті орта білім беру ісін жақсарту мақсатында қабылданған реформалар қарастырылды. Зерттеу барысында аталған кезеңдегі орта білім беру ісінің зерттелуі мен ғылымдағы орны айқындалып, оның халық-ағарту ісіндегі орны мен қызметі анықталды. Нәтижесінде Қазақстанның орта білім беру ісінің даму тарихы бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделенді. Аталған кезеңдегі Қазақстан республикасының орта білім беру жүйесін зерттеу арқылы орталықпен халыққа білім беру саласында қабылданған реформалары нәтижесінде өзгеріске түскендігі жан-жақты сараланды. Сонымен қатар, мақалада жалпыға міндетті орта білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған мәдени-ағарту саласындағы реформалардың 1950-1980 жж. қабылдануы еліміздің бүгінгі таңда қалыптасқан жүйелі орта мектептердің қалыптасуына негіз болғандығы қарастырылған. Зерттеу барысында КСРО үшін орта білім беру ісіне қатысты реформаларды қабылдау одақ көлемінде бір жүйеге келтірілген білім беру жүйесін басқару мен бақылау арқылы коммунистік идеологияның халықтар арасында бірыңғай насихатталуы ескерілді. КСРО-да жаппай индустрияландыру барысында өнеркәсіптің бірнеше жаңа салалары құрылды және барлық салалардағы өндіріс ауқымы бірнеше еседен ондаған есеге айтарлықтай ұлғайды. Бұл елдегі орта кәсіби білімді дамытуды ілгерлетті. Оған қоса Ұлы Отан соғысынан кейінгі кадрлық шығынның орнын толтыру қажет болды. Оны шешу мақсатында ел жастарын орта арнаулы білім алуға ынталандыру бірінші жолға қойылды.