МАРҚАКӨЛ АУДАНЫНЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh202511913
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында жүргізілген барлық археологиялық барлау, қазба жұмыстарының нәтижелері, кездейсоқ табылған жәдігерлер, жазба деректер мен архив материалдары қарастырылып, жинақталған. Осы өлкеге қатысты XVIII–XIX ғасырлардан бастап қазіргі таңға дейінгі археологиялық ізденістер мен зерттеулер толық пайдаланылған. Зерттеу хронологиялық жағынан Ресей патшалығы кезі, Кеңес уақыты және еліміздің егемендік алғаннан бастап 2024 жылға дейінгі деректер қамтылған. Ресей патшалығы тұсындағы ХVІІІ ғасырдан бастау алатын зерттеулердің басында тұрған Г.Ф Миллерден бастап Ертістің жоғарғы ағысына дейін 1768-1774 жылдары келген құрамында П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Гмелин, Х. Барданестер бар екінші академиялық экспедицияның материалдары қамтылған. ХІХ ғасырдағы Г.И. Спасский, П. Новопашин, В. Никитиннің жазбалары және ХХ ғасырдың басындағы А.В. Адриановтың еңбектері сараланған. Кеңес өкіметі кезінде Марқакөл ауданында қазба, барлау жұмыстарын жүргізген С.С. Черников, З. Самашев, А.А. Чариков, Ә.М. Оразбаев, А.А. Ковалев, А.А. Тишкин, П.К. Дашковский, Г.А. Кущ пен Г.И. Суворовалардың еңбектерінің нәтижелері мен кешін тұстары да қарастырылған. Тәуелсіздік жылдардағы археологиялық зерттеулер 2012 жылдан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан Ғ.Қ. Омаровтың басқаруындағы Алтай археологиялық экспедициясының материалдары, мақалалары мен монографиялық еңбектері негізінде хронологиялық тәртіппен берілген. Кездейсоқ жағдайда табылған жәдігерлер де қаузалған.