УРАН (VI) ИОНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СОРБЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2025-153-4-52-72
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің бірі жер үсті және жер асты суларын ауыр металдар мен радионуклидтердің ластануынан қорғау болып табылады, олардың көп бөлігі өнеркәсіптік ағынды суларда кездестіруге болады. Яғни,ластаушы заттарды жою үшін сорбциялық технологиялар кеңінен қолданылады. Көп жағдайда бұл технологиялар судағы ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті мөлшерінің ғылыми негізделген стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Табиғи және ағынды суларды тазарту технологиялары әртүрлі қабатты шикізаттарды, соның ішінде сазды минералдарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Оларды қолданудың артықшылығы-бейорганикалық токсиканттарға қатысты жеткілікті жоғары сорбциялық сипаттамалары бар шикізаттың арзан болуына байланысты. Сонымен, кейбір жағдайларда мұндай сорбенттердің селективтілігі жеткіліксіз болғандықтан, әсіресе құрамында табиғи және техногендік шыққан комплекс түзуші компоненттері бар күрделі химиялық құрамды сулардан ластаушы заттардың іздерін жою қажет етіледі. Синтетикалық бейорганикалық кремний негізіндегі сорбенттер селективтілікті арттыру үшін сорбенттердің бетін функционализациялаудың әртүрлі әдістерімен алынады. Мұндай әдістерге, бірінші, құрамында белсенді қышқыл топтары (SH, COOH,P(O)(OH)2 ), негізгі топтар (біріншілік, екіншілік және үшінші амин топтары, пиридин) және олардың комбинациялары бар органосиликон қосылыстарын қолдануды айтсақ болады.