Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың әлеуметтік салдары жан-жақты талданады. Цифрлық трансформацияның еңбек нарығына, білім беру жүйесіне және халықтың әлеуметтік бейімделуіне әсері қарастырылады. Цифрландырудың қоғам мен экономикаға тигізетін оң және теріс ықпалдарын саралай отырып, оның әлеуметтік теңсіздік, жұмыс орындарының қысқаруы және жаңа цифрлық құзыреттерге сұраныстың артуы сияқты сын-қатерлері туралы айтылады. Зерттеу барысында аналитикалық, салыстырмалы және статистикалық әдістер қолданылған. Ресми ұлттық статистика мен халықаралық деректер негізінде Қазақстандағы цифрлық сауаттылық деңгейінің өсу динамикасы, цифрлық технологиялардың енуі және онлайн-білім беру ресурстарына қолжетімділік көрсеткіштері талданған. Соңғы жылдардағы мәліметтер халықтың цифрлық мәдениетінің артып келе жатқанын, сонымен қатар аймақтық және әлеуметтік теңсіздік мәселелерінің өзектілігін көрсетеді. Мақалада цифрландырудың экономикалық тиімділігімен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен инклюзивті даму қажеттілігі баса көрсетіледі. Қазақстанда табысты цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету үшін халықтың цифрлық құзыреттерін дамыту, қайта даярлау бағдарламаларын кеңейту, ауылдық өңірлердің инфрақұрылымын жетілдіру және цифрлық теңсіздікті азайту бағытындағы кешенді саясат қажет. В статье всесторонне анализируются социальные последствия цифровизации в Республике Казахстан. Рассматривается влияние цифровой трансформации на рынок труда, систему образования и социальную адаптацию населения. Дифференцируя положительное и отрицательное влияние цифровизации на общество и экономику, говорят о ее вызовах, таких как социальное неравенство, сокращение рабочих мест и растущий спрос на новые цифровые компетенции. В статье использовались аналитические, сравнительные и статистические методы. На основе официальной национальной статистики и международных данных проанализированы динамика роста уровня цифровой грамотности в Казахстане, показатели проникновения цифровых технологий и доступа к ресурсам онлайн-образования. Данные за последние годы показывают растущую цифровую культуру населения, а также актуальность проблем регионального и социального неравенства. В статье подчеркивается необходимость социальной ответственности и инклюзивного развития наряду с экономической эффективностью цифровизации. Для обеспечения успешной цифровой трансформации в Казахстане необходима комплексная политика по развитию цифровых компетенций населения, расширению программ переподготовки, совершенствованию инфраструктуры сельских регионов и снижению цифрового неравенства. The article comprehensively analyzes the social consequences of digitalization in the Republic of Kazakhstan. The impact of digital transformation on the labor market, education system and social adaptation of the population is considered. Differentiating the positive and negative effects of digitalization on society and the economy, they talk about its challenges, such as social inequality, job cuts and the growing demand for new digital competencies. Analytical, comparative and statistical methods were used in the article. Based on official national statistics and international data, the dynamics of the growth of digital literacy in Kazakhstan, indicators of digital technology penetration and access to online education resources are analyzed. Data from recent years show the growing digital culture of the population, as well as the urgency of the problems of regional and social inequality. The article highlights the need for social responsibility and inclusive development along with the economic efficiency of digitalization. To ensure successful digital transformation in Kazakhstan, a comprehensive policy is needed to develop the digital competencies of the population, expand retraining programs, improve rural infrastructure and reduce digital inequality.