Студенттердің интернетті проблемалы пайдалануының диагностикасы: тұлғаның мазасыздануы мен өзін-өзі бағалауының байланысы

The Journal of Psychology and Sociology, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpss20259544
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Цифрлық ортада өмір сүретін студенттердің цифрлық ұрпағының гаджеттерді және үнемі жаңартылып отыратын функционал қосымшаларды белсенді пайдалануы олардың психикалық денсаулығы мен саламаттылығына әсер етеді. Электронды байланыс құралдарын және интернетті әрдайым қолдану жеке тұлғаның дамуына оң мүмкіндіктер туғызумен қатар олардың өмір сүру сапасына да ықтималды қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты - студенттердің интернетті проблемалы пайдалануын диагностикалау және оның тұлғаның мазасыздануы мен өзін-өзі бағалауға әсерін анықтау. Зерттеу бойынша диагностика жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: интернетті проблемалы пайдаланудың жалпы шкаласы және интернетке тәуелділіктің Чен шкаласы, Уайнхолдтың өзін-өзі бағалау сауалнамасы, Спилбергер -Ханиннің мазасыздық шкаласы. Мақалада «интернетті проблемалы пайдалану» (ИПП) түсінігін анықтау тұғырлары, оның тұлғаның интернетке тәуелділіктен айырмашылығы талданады, Қазақстанда және әлемде интернетті проблемалы пайдалануды диагностикалау және алдын алу бойынша зерттеулерге шолу жасалады, сонымен қатар эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары курстарының (3-4 курс) 65 студенті қатысты. Оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығы интернетті проблемалы пайдалану студенттердің мазасыздануы мен тұлғалық өзін-өзі бағалау деңгейлері арасындағы маңызды корреляцияны анықтауға байланысты дәйектелді. Қорытындыда интернетті проблемалы пайдаланудың алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Түйін сөздер: интернет-аддикция, интернетті проблемалық қолдану, ұялы телефонды проблемалы пайдалану, менталды денсаулық, мазасыздану, өзін-өзі бағалау, диагностика және алдын алу.