Іскерлік журналистиканың теориялық және практикалық негіздері

Herald of journalism, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj20257845
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу іскерлік журналистиканың негізгі бағыттарын және оның қоғам мен экономикадағы рөлін талдауға арналған. Іскерлік журналистика қазіргі таңда бизнес, экономика, қаржы және технология салаларындағы маңызды ақпарат көздерінің бірі болып табылады. Ғылыми жұмыстың мақсаты ретінде іскерлік журналистиканың ерекшеліктерін, оның қаржы, экономика, технологиялар, денсаулық сақтау, туризм және басқа да салалармен байланысын анықтау, бұл саладағы журналистік маманданудың маңыздылығын көрсетуді негізге алдық. Атап айтқанда зерттеу кәсіпкерлік, қаржы, инвестициялар, жылжымайтын мүлік, технологиялар және экология сияқты салаларға бөлінген іскерлік журналистиканың негізгі тұжырымдамаларын талдаудан тұрады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы іскерлік журналистиканың заманауи теориясы мен практикасына цифрлық коммуникация құралдары тұрғысынан зерттеулер енгізу, осы саладағы ақпараттық контентті жетілдіру мақсатында жаңа тұжырымдамалар ұсынуға бағытталған. Зерттеу әдістемесі ретінде контент-талдау, салыстырмалы сараптама және салааралық талдау қолданылды. Негізгі нәтижелер ретінде іскерлік журналистиканың салаларға бөлінуі, әрбір бағыттың терең талдануы және оған қатысты мамандану қажеттілігі айқындалды. Зерттеу нәтижесінде іскерлік журналистиканың теориялық аспектілеріне талдау жүргізілу арқылы практикада қолдану үшін тиімді әдістер ұсынады.