Экскаватор шөмішінің тістеріне түсетін жүктемені зерттеу

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-235-246
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада экскаватор шөмішінің ұзын және қысқа тістерінің жұмыс тиімділігіне әсері қарастырылған. Патенттік шешімдерді талдау және SolidWorks Simulation бағдарламасында сандық модельдеу негізінде зерттелді. Зерттеудің өзектілігі әртүрлі топырақ түрлеріне бейімделген тіс ұзындығын дұрыс таңдаудың маңыздылығымен байланысты екенін көрсетті.Зерттеудің мақсаты – ұзын және қысқа тістердің беріктік сипаттамаларын, кернеу-деформация күйін және топыраққа ену қарсылығын салыстырмалы түрде бағалау болып табылады.Әдістеме ретінде қазуға қарсы кедергі күшін есептеуді, АҚШ, Еуропа, Қытай және Ресей патенттерін талдауды, 3D-модельдер құруды және SolidWorks бағдарламасында статикалық модельдеуді қамтыды. Сонымен қатар, есептеу жұмыстары жүргізілді.Негізгі нәтижелер көрсеткендей, ұзын тістер тығыз топырақтарға ену қабілетін арттырып, шөміште туындайтын шыңдық жүктемелерді азайтады, бірақ олардың түбінде кернеулер жоғары болады. Қысқа тістер кернеудің бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді және орташа немесе жұмсақ топырақта ұзақ қызмет етеді. Зерттеудің өзектілігі заманауи жер қазу машиналары әмбебап шешімдерді қажет ететін ауыспалы топырақ тығыздығы жағдайында жұмыс істейтіндігімен күшейтіледі. Тістердің ұзындығын оңтайландыру энергия шығынын азайтуға, өнімділікті арттыруға және жабдық ресурсын арттыруға мүмкіндік береді. Соған байланысты ұсыныстар жасалған.