Орман өрттерін бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарының деректерін өңдеу үшін Python бағдарламаларын пайдалану

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7263-2025-153-4-139-151
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Табиғи қауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлері орман өрттері сияқты қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету үшін инженерлік және ақпараттық технологияларды біріктіруді талап етеді. Перспективалы бағыттардың бірі-ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) геоақпараттық жүйелермен (ГАЖ) және деректерді өндіруге арналған бағдарламалық жасақтамамен бірге қолдану. Бұл жұмыста орман өрттерінің таралуын бақылау және болжау үшін Python тілінде іске асырылған бағдарламалық шешімді құру жобасы қарастырылады. Әр түрлі сенсорлармен жабдықталған үш дрон (мультиспектрлі камера, жылу түсіргіш, RGB камерасы) зарядтау уақытын ескере отырып, үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін кесте бойынша жұмыс істеді. Жүйенің ұсынылған архитектурасы оны әртүрлі географиялық жағдайлар мен міндеттерге бейімдеуге мүмкіндік береді. Нәтижелер графиктер, жылу карталары және кестелер түрінде ұсынылған, бұл жүйені операторлар мен талдаушылар үшін ыңғайлы етеді. Жұмыс «Инженерия және технология» бағыты шеңберінде өзекті болып табылады және экологиялық қауіпсіздік міндеттері үшін ақпараттық және инженерлік шешімдердің синтезін көрсетеді.