Аннотация
Бұл мақалада асфальт қоспаларының температуралық тұрақтылығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығы қарастырылады. Асфальт жамылғыларының жоғары температурадағы жұмсаруына және төмен температурадағы сынғыштығына төзімділігін қамтамасыз ету жолдары талданған. Полимерлі модификаторлар, наноматериалдар және жылы асфальт технологиялары сияқты инновациялық шешімдердің қолданылуы қарастырылады. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері жаңа қоспалардың беріктігі мен ұзақ мерзімділігін көрсетті. Сонымен қатар еліміздің климаттық жағдайында асфальт қоспаларының температуралық тұрақтылығын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану мәселесі қарастырылады. Елдегі ауа температурасының күрт ауытқуы асфальт жамылғыларының сапасы мен ұзақ мерзімділігіне елеулі әсер етеді. Полимерлі модификаторлар, наноматериалдар, және жылы асфальт технологиялары сияқты шешімдердің жергілікті жағдайларға бейімделуі талқыланады. Жүргізілген зерттеулер асфальт қоспаларының беріктігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға және экологиялық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Температуралық тұрақтылық мәселелері. Қазақстандағы жол құрылысында кездесетін негізгі мәселелерді шешуде жоғары температурадағы деформация – жаз мезгілінде күн сәулесінің әсерінен асфальт жұмсарып, тұрақсыздыққа әкеледі. Төмен температурадағы сынғыштық – қыстағы қатты аяз асфальттың жарықтар мен ақаулардың пайда болуына ықпал етеді. Климаттық ауытқулар – Қазақстанның әртүрлі аймақтарында температураның күрт өзгеруі асфальт-бетонның ұзақ мерзімді беріктігін төмендетеді. Дәстүрлі жылы асфальт технологияларын пайдалану тиімсіз, әрі қаржылай шығын мен материалдық шығындарды қаражатты көп қажет етеді. SBS - полимерлердің блок сополимері, оның құрылымы стирол мен бутадиеннің қайталанатын блоктары асфальтқа қосылуы оның тұтқырлығын, пластикалық қасиеттерін және жылу тұрақтылығын арттырады. SBS негізіндегі қоспалар асфальттың жоғары температурадағы тұрақтылығын 35%-ға арттырады. Бұл материалдар жол жамылғыларының серпімділік қасиеттерін жақсарта отырып, жарықтардың пайда болуын азайтады. Полимерлі модификацияланған қоспалардың деформацияға қарсы тұрақтылығы 30%-ға артты. Тәжірибелік жол учаскелері әртүрлі аймақтарда салынған тәжірибелік учаскелерде жарықтар мен деформациялардың пайда болу қарқыны 40%-ға төмендеді. Полимерлі және наноматериалдар қолданылған жолдар стандартты әдістермен салыстырғанда 1,5 есе ұзақ қызмет етеді.