АВТОМОБИЛЬДІҢ МАНЕВРЛІГІН АРТТЫРУ АМАЛДАРЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-139-4-36-44
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада автор автомобиль көлігінің алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқтала келе, одан ғылыми тұрғыда дамуға, материалдық шығындарды, ұйымдастыруға кететін шығындарды оңтайландыруға ерекше көңіл бөлу керектігін ескертеді. Сонымен бірге, автомобильдің пайдалану сенімділігі мен басқарымдылығын жетілдіруге, оның ішінде автокөліктердің маневрлігін арттыруға ерекше көңіл бөлген. Автомобильдің маневрлілігі көлік құралын пайдаланудың ыңғайлылығын және керек кезінде оны басқарудың қарапайымдылығын және тар жол жағдайларында бұрылыстар мен кері бұрылуларды ешбір қиындықсыз еңсеруді қамтамсыз ететіндігін айқындап көрсетіп, оның маңыздылығын ерекше атап көрсеткен. Мақалада автор автокөліктің маневрлігі оның құрылымының ерекшелігіне байлансты екендігі айтылған және оған әсер ететін негізгі факторлар мен геометрикалық көрсеткіштерге тоқталған. Сонымен бірге, автор жартылай және толық тіркемесі бар автопоездарында маневрлік көрсеткіштері олардың қандай геометиялық параметрлерге байланысты болатындығын есепті түрінде келтірген. Осы параметрлердің төмендеуімен тіркемелі автопоездың маневрлік қабілетінің де артатындығы айтылған. Жартылай тіркемелі автопойызында маневрге айтарлықтай әсер ететіні көлік пен жартылай тіркеменің ұзындығының қатынасы болып табылады. Доңғалақтың келтірілген тепе-теңдік шартын негізге ала келе, шекті кедергіні жетектегі және жетекші доңғалақпен еңсеруді қамтамасыз ету шарттарын тиісті есептеулер арқылы оңтайлы сипаттаған. Мақала соңында, автомобильдің маневрлігі оның құрылымының ерекшелігіне байланыстылын айта келе, оны арттырудың жолдарын және арықтар мен шұңқырларды еңсеруді жақсарту мүмкіндіктерін де дәйекті түрде сипаттаған.