Иолығ тегін, Алп Елетміш, Тоныкөк – екінші Түрік қағанатының алғашқы тарихнамашылары

Turkic Studies Journal, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2025-4-118-130
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Түркілердің тарихнамасында осы уақытқа дейін Екінші Түрік қағанатының тарихын көне түркі руникалық ескерткіштерінде жазған Иолығ тегін (Күлтегін), Алп Елетміш (Білге қаған, Құтлұқ Елтеріс), Тоныкөк алғашқы түркі тарихшылары ретінде танылмай келеді. Жүргізілген зерттеулер Орхон ескерткіштеріндегі жазбалардың мазмұны мен сипаты тарихи ерекшелікке ие екенін көрсетті. Сондықтан мақала авторы Екінші Түрік қағанатының саяси және этникалық тарихын сипаттаған Иолық тегін, Алп Елетміш және Тоныкөкті түркі тарихнамасындағы алғашқы өкілдері деп тануды ұсынады. Мақалада Екінші Түрік қағанатының жоғарғы билеушілерінің және ескерткіштегі мәтіндердің авторларының баяндалған оқиғаларға қатысты идеологиялық ұстанымдары да талданады. Бұл ұстанымдар көне түркілердің Қытай империясы, Араб халифаты және Соғдылармен жүргізген күресімен қатар, ішкі тайпааралық қайшылықтар мен мәдени дәстүрлерге де байланысты екенін көрсетеді. Екінші Түрік қағанатының тарихшылары Орхон мәтіндерінде түркі халықтарын «Мәңгі Ел» мемлекеттік идеологиясы арқылы мемлекет тәуелсіздігін және этникалық мәдениетін сақтауға шақырады. Олардың концептуальдық ұстанымдары Қытай жылнамашылары, патшалық Ресей мен Кеңес дәуірінің тарихшыларына қарағанда обьективтілігімен және шынайылылығымен көзге түседі. Олардың бұл ұстанымы түркілерде өздерінің жоғарғы миссиясы – Ұлы Далада өзіндік өркениет құруға құқығы бар деп есептегендіктен қалыптасқаны байқалады. Түркі тарихшылары тарихи оқиғалардың болған уақытын белгілеуде тарихи хронологиялық әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін қолданған, соның ішінде 12 жылдық (жануарлар атымен) циклдік күнтізбенің орны ерекше. Сонымен қатар оқиғаның болған уақытын адам жасы арқылы белгілеу әдісі қолданысқа еңгізілген. Мұндай әдіс уақыт тұрғысынан тұйықталуға әкеп соқпас үшін хронологияның басқа параллелді түрлерін, яғни уақыт белгілеудің екі түрі – адамның жасы мен 12 жылдық жануарлар циклдік күнтізбенің бар екендігі көрінеді. Мұнымен бірге хронологияның тағы бір түрі – болған оқиғаны қағандардың ата-бабаларының ел басқарған уақытымен белгілеуді қолданып отырған. Иолығ тегін, Алп Елетміш және Тоныкөктің тарихи процестер мен оқиғаларға обьективтік тұрғыдан шынайы баға беруі мен тарихи хронологиялық әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін қолданысқа еңгізуі олардың сол дәуірдің толыққанды тарихшылары болып танылуы керек екендігін дәлелдейді. Мұнымен қатар, Екінші Түрік қағанатының алғашқы тарихшыларының дүниетанымы, шығармашылық дәстүріндегі тарихи-әдістемелік тәсілдері және идеологиялық ұстанымдары сол тарихи кезеңдегі әлемдік өркениеттің деңгейінен төмендемей, кейретте тіпті одан озық болғандығын байқатады. Сонымен бірге, олар ортағасырлық түркі тарихнамасының алғашқы өкілдері ретінде орын алуы тиіс деген қорытынды жасалынады.