ҚАЗТЕСТЖҤЙЕСІНДЕГІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДІҢӚТКІЗІЛУБАРЫСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63597/uto3105-4161.2025.3.3.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесі аясында жүргізілетін диагностикалық тестілеудің мазмұны, құрылымы, өткізілу тәртібі мен практикалық маңызы жан-жақты қарастырылады. Диагностикалық тест – мемлекеттік қызметшілердің, ұлттық компаниялар мен холдинг қызметкерлерінің, білім беру мекемелері мамандарының және басқа да әлеуметтік топ өкілдерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін объективті түрде анықтауға бағытталған құрал ретінде сипатталады. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты – қатысушылардың тыңдалым, оқылым дағдылары бойынша тілдік деңгейін бағалау арқылы олардың қазақ тілін меңгерудегі нақты орнын айқындау, әрі қарайғы оқыту бағдарламаларын тиімді жоспарлау болып табылады. Мақалада тест мазмұнына қойылатын талаптар, тапсырмалар типтері, бағалау критерийлері, қолданылатын әдістемелік құралдар және тестілеуді ұйымдастыру тәртібі нақты мысалдармен түсіндіріледі. Сонымен қатар, ҚАЗТЕСТ жүйесінің даму кезеңдері, оны құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету жолдары, мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы орны және халықаралық тілдік тест жүйелерімен салыстырмалы талдауы берілген. Авторлар диагностикалық тестілеудің артықшылықтарын, атап айтқанда, тіл меңгерушінің қажеттіліктерін нақты анықтауға, оқыту әдістерін бейімдеуге және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге қосатын үлесін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері диагностикалық тестілеудің қазақ тілін оқыту мен бағалау жүйесіндегі тиімділігін дәлелдейді және оның мемлекеттік тіл саясатын қолдаудағы стратегиялық маңызын негіздейді.