ИННОВАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ БЕРІКТІК СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53002/088
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада ыстықтайилемдеу өндірісінде қолданылатын қолданыстағы ұшқыш қайшылардың (летучие ножницы) конструкциялық ерекшеліктері мен электр жетегіне шолу жасалған. Аталған зерттеу «Ыстықтай илемдеу өндірісіндегі ұшқыш қайшыларда кесу процесінавтоматтандыру» тақырыбындағы докторлық диссертацияның негізін құрайды. Мақалада илемдеу өндірісінің негізгі міндеттері,ұшқыш қайшылардыңтағайындалуы, олардың конструкциясы мен электр жетегіне қойылатын техникалық талаптар қарастырылған. Сондай-ақ қолданыстағы ұшқыш қайшылардың конструкциялары мен электр жетектеріне талдау жүргізілген. Ұшқыш қайшылардың негізгі түрлері ретінде барабанды, иінді-бұлғақты, тербелмелі, маятникті және планетарлық қайшылар қарастырылған.Сонымен қатар осы технологиялық механизмнің техникалық талаптарына сәйкес келетін үш түрлі қозғалтқыш асинхронды қозғалтқыш, синхронды қозғалтқыш және тұрақты ток қозғалтқышы талданған.Ұшқышқайшылардың конструкциясы мен электр жетегін зерттеу олардың бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелерін талдау көрсеткендей, ең тиімді шешім ретінде жұп барабанды қайшылар таңдалды. Себебі барабандар тұрақты жылдамдықпен бірқалыптыайналады және айналмалы массалар толық теңгерілген, бұл басқа қайшы түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары жылдамдықта кесу операциясын орындауға мүмкіндік береді. Ұшқыш қайшылардыңэлектр жетегі ретінде тәуелсіз қоздыруы бар тұрақты ток қозғалтқышы таңдалды, өйткені ол кең ауқымды жылдамдықты реттеу мүмкіндігімен, бірқалыпты жұмысымен, жоғары тиімділігімен, айналу жылдамдығының тұрақтылығымен, әртүрлі жылдамдықтардағы жүктемелерге төзімділігімен және механикалық сипаттамаларының жоғары қатаңдығымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер электр жетегіне қойылатын техникалық және технологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.