БУ ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ КӘДЕГЕ ЖАРАТУШЫ ҚАЗАНДЫҒЫНДАҒЫ ЖАНУ КАМЕРАСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-138-3-466-476
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада азот оксидтерінің шығарындыларын азайту және отынды жағу тиімділігін арттыру үшін бу-газ қондырғыларында кәдеге жарату қазандығының жану камерасында үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Артық отын коэффициенті мен саңылаулар санының азот оксидтерінің концентрациясына және шығатын газдардың температурасына әсерін талдайтын эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Тәжірибе барысында саңылаулардың саны ұлғайған үшбұрышты призмалар температураның біркелкі таралуына ықпал ететіні және азот оксидтерінің концентрациясын төмендететіні анықталды, бұл экологиялық көрсеткіштерге оң әсер етеді. Сондай-ақ, бугаз қондырғысында азот оксидтерінің минималды деңгейіне жету үшін газ турбиналық қондырғының жану камерасында микрофакельді алдыңғы құрылғыларды қолдану керек, ал кәдеге жарату қазандығының жану камерасында үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдану қажет. Зерттеу нәтижелері экологиялық өнімділікті жақсарту және жану толықтығын арттыру үшін үшбұрышты тұрақтандырғыштарды қолдана отырып, ұсынылған схеманың жоғары тиімділігін растайды.