БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2022.2518-1467.398
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Педагогика ең ертеде қалыптасқан сала. Дегенмен әлі де көптеген тақырыптардың зерттеу обьектісі бола алады. Педагогика ғылымы динамикалық құбылыс. Ол әр кез толықтыруды, жаңартып зерттеулерді қажет етеді. Ғылымның, заманның даму үдерісіне қарай теориялық-практикалық тұрғыдан дамып, жетіліп отырады. Соңғы жылдары бұл процесс тіпті қарқынды жүруде. Ғылым мен техинканың дамуы педагогикаға да өз әсерін тигізді. Ескі дәстүрлі, жаттанды, таптауын оқу жүйесі оқушыға ғана емес, педагогтердің өзіне де қолайсыздық тудыра бастады. Сондай-ақ ескірген педагогикалық әдіс-тәсілдер заманның үдесінен шығудан да қалып барады. Жаңа ақпараттық технологиялар әсерінен бастауыш білім педагогтерін дайындауға, ұстаздардың этикалық, интеллектуалдық қарым-қабілетін дамытуға арналған әдіснамалық бағдарламалар ойластырып, практикада жолға қойыла бастады. Солардың бірі жасанды интеллект арқылы педагогтердің интеллектуалдық әлеуетін асырып, қабілетін жетілдіріп сапалы маман ретінде дайындау. Жалпы осы кезге дейін зерттеу нәтижесіне сүйенсек жасанды интеллект туралы педагогтердің теориялық білімі болғанымен, жұмыс барысында, нақты сабақ процессінде қолдану айтарлықтай қалыптасып үлгермеді. Оқу кезіндегідей оңай әрі қолжетімді болмай келеді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін алдымен, оқу орындарын техникалық қамтамасыз еткізу керек болса, педагогтердің де практикалық мығым дайындығы маңызды рөл атқарады. Зерттеудің мақсаты педагогтерге арналған ең тиімді әдістерді ұсына отырып, интеллектуалдық қабілетін жетілдіру, шыңдау. Ол үшін шетел тәжірибелерін, еліміздегі әріптестеріміздің жаңалығымен бөлісу.