ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.66.3.022
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аңдатпа.Өз бетімен оқу әдісі, ең алдымен оқушының сөздік қорын толықтыру және грамматикалық құрылымдарды игеру, оқу техникасын дамыту құралы мен мәтінді түсіну дәрежесін сонымен бірге айтылымы мен ырғақ-интонациялық дағдылардың қалыптасу деңгейін бақылауға негізделген.Зерттеудің негізгі мақсаты мазмұнды түсіну арқылы оқу барысында мазмұнды жалпы қамтуға бағытталған және мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуге оқырманның өзіндік ішкі көзқарасының қалыптасуын анықтау болып табылады.Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары коммуникативті іс-әрекет ретінде оқудың мақсаты мен өнімі фактілерді, идеяларды, мағыналарды қабылдау, түсіну және түсіндіру болып табылады.Оқудың әр қилы түрлерін қолдану шет тілін оқытудың мақсатын жүзеге асыру құралы ретінде әрекет етеді.Мақалада ағылшын тілі сабағына қатысты әдеби мәтіндерді, қысқаша әңгімелерді үйде өз бетімен оқуды жүзеге асыру негіздемесі қарастырылады және оқу күнделігін қолдана отырып, жазбаша жұмысты оқумен қалай біріктіруге болатындығы, сөздік қорының толықтырылуы зерттеудің ғылыми әрі практикалық маңыздылығын көрсетеді.Сонымен қатар өз бетімен оқудағы кейбір тәсілдер мен әдістерге, талдаумен қатар мәселенің сипаттамасына, арнайы бөлшектерді бөліп көрсету, салғастыру, өзара көмек, қорытындылауды аяқтау, жаңа сөздерді меңгеру, эскиздер мен интроспекция және өзін-өзі бағалау сияқты мәселелерге тоқталып, отандық және шетелдік әдіскерлердің көзқарасы бойынша тілді үйренуде түпнұсқадағы көркем мәтінді дұрыс түсінуі, сөйлеу барысында орынды қолдана білуінің негізгі артықшылықтары талданып, осы процесті ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері методологиялық тұрғыдан сипатталады.Тіл үйренудегі өз бетімен оқудың ерекшеліктерін анықтауда түрлі әдіскер-авторлардың еңбектеріне шолу жасалып, зерделеп, саралау жұмыстарымен бірге мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: әдістемелік, педагогикалық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау оларды жүйелеу, жіктеу, синтездеу.Бұл әдістер көптеген мәтіндерді, кітаптарды оқуға және бейтаныс сөздер мен грамматикалық құрылымдарды санаға сіңіруге негізделген.Зерттеуіміздің нәтижесінде шет тілін үйренудегі өз бетімен оқу студенттерге өмірдің әртүрлі салаларынан ақпарат алуды қамтамасыз етеді, ақыл-ойды дамытады, яғни білім береді, тәрбиелейді деген тұжырымға келдік.Нақты нұсқаулар мен мақсаттардың көмегімен өз бетімен оқу тіл үйренуші студенттерге олардың қалай үйренетінін танып, нәтижеге қол жеткізуге толық мүмкіндік беретін жұмысымыздың нәтижесін оқытушылар өз сабақтарында қолдануына болады.Тірек сөздер: жаңа сөздер, мәтін, өз бетімен оқу, меңгеру, оқу күнделігі, сөздік қор, қосымша әдебиеттер, оқу техникасы