Физика пәні бойынша қарапайым механикалық құбылыстарды компьютермен көрнекілеу

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-3-116-127
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің механикалық процестер мен құбылыстарын компьютерлік көрнекілеу арқылы оқытудың тиімділігі зерттелді. Зерттеудің басты мақсаты - қарапайым механикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік көрнекілеу арқылы оқушылардың түсіну деңгейін дамытуды теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеу. Компьютерлік көрнекілеу – оқушының физикалық процесті көз алдына елестетуіне, құбылыстың негізгі заңдылықтарын нақты әрі анық түсінуге жағдай жасайды. Бұл әдіс теориялық білімді практикамен байланыстыра отырып, оқушының ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Физикалық қозғалыстарды анимация түрінде көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын қабылдауын жеңілдетуге болады. Зерттеу жұмысы барысында Python бағдарламалау тілінің Tkinter кітапханасы қолданылып, оқушылардың түсінуіне жеңіл әрі қарапайым модельдер жасалды. Атап айтқанда, автокөліктің горизонталь жолдағы қозғалысы, дененің еркін құлауы, горизонталь бағытта лақтырылған дененің қозғалысы сияқты механикалық процестер кескінделді. Зерттеу жұмыстары Талдықорған қаласының Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің 9-сыныптарымен жүргізілді. Жұмыста механикалық құбылыстарды көрнекілеу әдісін пайдаланып оқытудың нәтижелері сипатталады. Зерттеу жұмысының соңында білім беру процесіне мұндай әдісті енгізу бойынша ұсыныстар және физиканың басқа бөлімдерін оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың болашақ мүмкіндіктері қарастырылады.