ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА ИДЕЯСЫ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2021.45.3.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы саяси күресі, қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі саяси дамуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани байланыстары, иерархиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады. Қазақ хандығының алға қойған саяси-әлеуметтiк талабы қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк ұғымның шеңберiнен асырып, түбi бiр тұтас мемлекеттiк дәрежеге көтеру болды. Олардың арманы қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосу еді. Ұлттық мемлекеттілік, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлері; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруы, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесі , батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғауы зерделенеді.