Б. СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» ПОВЕСТІНДЕГІ РЕАЛИЯЛАРДЫҢ ТӘРЖІМЕЛЕНУІ (ТҮПНҰСҚА ЖӘНЕ АУДАРМА НҰСҚАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.72.1.021
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада кемеңгер жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аударма нұсқалары түпнұсқамен талданып, автор алынған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау арқылы ғылыми тұжырымдар жасаған. Зерттеудің ғылыми мақсаты, негізгі бағыттары мен идеяларына – осы мақалада берілген мысалдарды талдау барысында қазақ аудармашысының түпнұсқаны орыс немесе ағылшын тілдеріне форенизациялап аударуы мен екінші тілге тікелей тәржімелеудің маңыздылығын дәйектеген. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы қаламгер Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын ресейлік, отандық аударматанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып өзара салыстыру отандық көркем аударманың практикасы мен теориясын, сапасын, сынын дамытады. Зерттеудің әдіснамасы көркем аудармадағы түпнұсқа мен тәржіме нұсқаларын талдауда салыстырмалы әдістің орны ерекше екені туралы отандық аударматанушы ғалымдар Ж. Дәдебаев пен А.Алдашеваның концепциялары мен теориялары негізге алынды. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне қазақ транслатология саласына еңбек сіңірген ғалымдардың пікірлерін қолдай отырып, мақала авторлары жазушы Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін ағылшын тіліне қазақ тілінен тікелей тәржімелеу түпнұсқадағы ұлттық реалиялардың этно-мағыналық қабаттарының сақталуы мен доместикациялануына және келешек аудармашылардың тәржіме үдерісінің жеңілдеуіне ықпал ететіндігін дәлелдейді. Зерттеудің құндылығы қазақ әдебиетшілері мен лингвистері тарапынан қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің тілдік тұлғасы мен когнитивтік аспектісі, мінез бен жағдай мәселесі, көркемдік-эстетикалық жақтары және қаламгердің суреткерлік шеберлігі қарастырылды, дегенмен, түпнұсқадағы реалиялардың орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену ерекшеліктерін талдау қазақ аударматану саласында қарастырылмаған, сондықтан бұл мақаланың зерттелуі қазақ транслатологиясының дамуына ықпал етеді. Талдау нәтижесінде түпнұсқадағы реалияларды орыс және ағылшын тілдеріне аударуда тәржімеші тек аударма теориясы мен екі тілді жоғары деңгейде меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ екі тіл реципиенттерінің ұлттық және мәдени ерекшеліктері мен балалардың рухани, психологиялық және когнитивтік қабылдауын жан-жақты білетін маман болуы қажет деген тұжырым жасалды.