«ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.71.4.024
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының патриоттық мәдениетін қалыптастыруда « патриоттық мәдениет » ұғымына философиялық талдау жасау арқылы зерттеу міндеттері бойынша ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, адам және қоғам үшін маңызды құндылықтар жүйесі туралы баяндалған. Оқу әрекетін ұйымдастыруда патриоттық мәдениетті қалыптастыруға мәдени құндылықтар жүйесі түрткі бола алады. Мәдениет «адам әлемін» сипаттайды, құндылықтар мен нормаларды, нанымдар мен рәсімдерді, білім мен дағдыларды, әдет-ғұрыптарды, тіл мен өнерді қамтиды және білім беру жүйесінде де алатын орны ерекше болғандықтан тұлға бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыру ұстаздың абыройлы міндеті. Қазақ халқының мәдениетіне тән құндылықтарды жандандыру, еліміздегі әртүрлі ұлттарды біріктіре отырып, шоғырландырушы рөл атқара алатын құндылықтар жүйесін қалыптастыру үшін оқу процесін ұйымдастыру тәсілдемесінде, оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы патриотизм мен мәдениет құрылымдарының детерминизмі, патриоттық мәдениеттің құрылымында когнитивті, құндылық және эмоционалды компоненттерін анықтап, зерттеу барысында оқушылардың патриоттық мәдениетінің құрылымы жүйелі тұлғалық құндылық ретінде анықтаған. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды міндеті - әрбір адам өзінің патриоттық міндетін түсінуі және тұлғаның қоғамға, халыққа, Отанға деген адалдық пен сүйіспеншіліктің жоғары деңгейі патриотизмді нығайтуда адамның рухани мәдениетін дамыту мен тәрбиелеу арқылы әр адамның бойында рухани əлемінен орын алатын патриоттық мәдениет қалыптасу керек. Осыған орай, ғалымдадың пікіріне сүйене отрып, оқушылардың патриоттық мәдениетін өзара байланыста және дамуда болатын компоненттерді қамтитын құрылымы бар жүйелі тұлғалық құндылық ретінде қарастырған.