ТІЛДІК ЕМЕС МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚЫТАЙ МӘТІНДЕРІ АРҚЫЛЫ ШЕТТІЛДІК КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2022.66.3.019
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қытай тілін шетел тілі ретінде үйренушілер саны әлем бойынша жылдан-жылған прогрессивті динамикамен артып келе жатқан үдеріс. Бұл ҚХР-дың экономикалық өсімі мен саяси тұрақтылығының нәтижесі болып табылады. Ал, Қазақстан үшін ҚХР экономикамыздың түрлі салаларында басты ірі инвестордың бірі. Сондықтан, қытай тілін тек тіл мамандары емес, сонымен қатар шеттілдік кәсіби қарым-қатынас орнатуға құзыретті тілдік емес мамандардың да меңгергені жөн. Ал, қытай тілін тілдік емес мамандықтар студенттерінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыра оқыту әдістемесін жетілдіру әлем бойынша өзектілігін жоғалтпаған мәселе. Шеттілдік коммуникативті құзыреттілікті сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша оқыту арқылы қалыптастыру көзделеді. Бұл мақала шеңберінде қытай тілін сөйлеу әрекетінің түрі – оқылым бойынша шеттілдік коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі көрсетілді. Оқылым бойынша берілетін мәтіндерді іріктеу, саралау, талдау тәсілдері ұсынылды. Қытай тілінің оқылым барысында кездесетін өзіне тән құрылымдық, мәдени, тілдік ерекшеліктері анықталды, оларды ажырату жолдары айқындалды. Қытай тіліндегі мәтіндерді игеру мақсаты студенттердің бойында сөйлеу қатынасын дамыту арқылы кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Ол үшін мәтінмен жұмыс барысында кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын интенсивті оқу тәсілі қолданылады. Мәтінді неғұрлым тиянақты түсіну және жан-жақты талқылау үшін әр кезең бойынша рецептивті, репродуктивті, және продуктивті жаттығулар желісі ұсынылады. Осылайша, аталмыш мақала шеттілдік коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда өнімді нәтижеге жету мақсатында тілдік емес мамандықтар студенттеріне қытай тілі мәтіндерін талқылаудың тиімді тәсілдерін айқындауға бағытталған.