ИСЛАМОФОБИЯ: ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ САЛДАРЫ РЕТІНДЕ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v103i4.732
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Исламофобия – бұл дұшпандыққа, қорқытуға, қудалауға, қорлауға, алып келген «мұсылмандардан қорқу» процессі негізінде қалыптасты. Бұл ұғым 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террористік актілерден және ислам атынан жасалған басқа да қорқынышты шабуылдардан кейін мұсылмандар мен мұсылман деп саналатын адамдарға қатысты алғашқы қорқыныштардың пайда болуымен дами бастады. Бүгінде исламды қару ретінде қолданатын радикалды топтардың саны артып келеді. Сонымен қатар, олардың ислам ілімдерін бұрмаланған түсіндіруінің нәтижесінде шынайы исламды исламның саяси құбылысынан ажырата алмайтын және мұсылмандарды қоғамға зиян топ өкілдері ретінде қарайтын топтар саны арта түсуде. Бұл қоғам арасында «исламофобияның» артуына алып келуде. Кемсітушілікке, дұшпандыққа немесе зорлық-зомбылыққа алып келетін діни өшпенділікті насихаттауға заңмен тыйым салынып, күресу жолдарын күшейтуді талап етуде. Халықаралық нормалар мен стандарттар кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға негіз болғанымен, тек заңдар жеткіліксіз, сонымен қатар мемлекеттер, әсіресе көп мәдениетті және өзара байланысты қоғамдарда әртүрлілік пен сөз бостандығына ықпал ететін саясат пен бағдарламаларды қабылдауы керек. Бұл осы тақырыпты терең зерттеп, мемлекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып шешім қабылдауды талап етеді. Мақалада «исламофобия» терминінің дамуы, деструктивті діни ағымдардың оған әсеріне талдау жасалынып, оны азайту жолдары ұсынылды.