АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ГЕТЕРОГЕНДІ ТОПТАРДА ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУДА САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ

2022

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2022.64.1.022
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Аталмыш мақала гетерогенді топтарда ағылшын тілінің лексикасын саралап (дифференциалды) оқыту мәселелерін зерттеуге арналған. Аталмыш зерттеу жұмыстың өзектілігі оқу стилі мен қабылдау каналдары және оқу деңгейлері әртүрлі гетерогенді топтарда шет тілінің лексикасын тиімді оқытуға қатысты көптеген практикалық сұрақтарды шешу қажеттілігімен сипатталады. Аталмыш мақаланың мақсаты жоғары сынып оқушылары арысында гетерогенді топтарда шет тіліндегі лексиканы оқытуда саралап оқытудың әсерін анықтау болып табылады. Аталмыш зерттеу жұмысында бақылау, тестілеу, педагогикалық эксперимент және саралау әдістері қолданылды. Ағылшын тілі сабағында өткізілген лексиканы саралап оқытуға арналған экспериментке оныншы сыныптың жиырма алты оқушысы қатысты. Зерттеу барысында жоғары сыныптарда гетерогенді топтарда лексиканы үйрену барысында сараланған тапсырмалар мен жаттығуларды орындау арқылы бірнеше міндет орындалады: біріншіден, оқушылардың жалпы лексикалық құзіреті дамиды; екіншіден, оқушылардың оқу нәтижелері жақсарады; үшіншіден, оқушылардың шеттілдік лексиканы оқуға деген уәжі артып, сөздік қоры ұлғаяды. Аталмыш зерттеу жұмысының нысаны ретінде ағылшын тілі сабағында лексиканы оқытуда саралап оқыту үдерісі және оқушылардың лексикалық құзыреттілігінің даму динамикасы болып табылады. Зерттеудің пәні ретінде жоғары сынып оқушылары арасында лексиканы оқытуда саралап оқытуды қолданудың ерекшеліктері қарастырылып отыр. Зерттеу жұмысының нәтижелері іс-тәжірибе жүзінде лингводидактика мен шет тілін оқыту әдістемесі саласында шеттілдік лексиканы немесе басқа да тілдік дағдыларды үйретуде саралап оқытуды қолдануда септігін тигізуі мүмкін.