Қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы толеранттылық мәселесі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp20259334
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Берілген мақалада заманауи қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайындағы толерантттылық мәселесі, сонымен қатар толеранттылық ұғымының шығу тарихына, оның алғышартына, сонымен қатар, толеранттылық құбылысына әлеуметтік-философиялық талдау жасай отырып, қазіргі уақытта толерантты көзқарасты дамытудың сәттілігі мәдениеттің алдыңғы гуманистік дәстүрлерін ұстануға емес, қазіргі халықаралық-саяси оқиғаларды нақты саналы бағалауға байланысты болатынын атап өткен жөн. Берілген зерттеудесалыстырмалы тарихи, талдау, аксиологиялық, сауалнама тәсілдері қолданылды. Жаһандану үдерістері мен құндылықтар жүйесіндегі өзгерістердің этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық өзара әрекеттестіктің даму ықпалына ерекше назар аударылады. Авторлар Алматы мен Астанада жинақталған эмпирикалық деректерге сүйене отырып, олардың түсінуіндегі айырмашылықтарды анықтай отырып, жастардың «толеранттылық» және «төзімділік» түсініктерін қабылдауына талдау жасайды. Білім беру және қоғамдық бағдарламаларда бұл ұғымдарды нақтылау және танымал ету қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ толеранттылық феноменінің, оның ішінде батыс пен шығыс парадигмаларының тарихи-философиялық негіздері қарастырылады. Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық сананың тұрақтылығы үшін толеранттылық мәдениетін дамытудың стратегиялық маңыздылығы туралы қорытынды жасалды. Жұмыс жастардың мәдени толеранттылығы мен діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған гранттық жоба аясында жүзеге асырылды. Түйін сөздер: толеранттылық, мәдени толеранттылық, әлеуметтік философия, қоғамдық сананың жаңғыруы