ХРОМТАУ ӨҢІРІ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem202578313
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Ақтөбе облысының шығыс бөлігінде орналасқан Хромтау қаласы топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері қарастырылды. Топырақ кескініне морфологиялық сипаттама беріліп топырақтың типі – күңгірт қарақоңыр карбонатты, орташа суглинисті екені анықтылды. Аналитикалық талдау нәтижесі бойынша топырақтың физика химиялық қасиеті зерттелді. Табиғи-климаттық жағдайлардың, әсіресе құрғақ континенттік климат пен кен өндіру ісінің әсері, топырақтың морфологиялық және химиялық құрамына айтарлықтай ықпал ететіні анықталды. Қарақоңыр топырақтың агрохимиялық қасиеттері талданды. Қарақоңыр топырақтағы суда еритін тұздардың мөлшері анықталды және топырақтың тұздану сипаты морфологиялық белгілері бойынша айқын көрінеді сонымен қатар топырақтың төменгі қабаттарында сілтілілік деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Топырақтың су сүзіндісі құрамында натрий мен сульфат иондарының мөлшері тәжірибелік үлгілерде жоғары болды, бұл топырақтың сортаңдық сипатқа ие екендігін білдіреді. Топырақ кескіндерінің гранулометриялық құрамы анықталып нәтижесінде гранулометриялық құрамының тереңдікке байланысты өзгеретіндігін және агрофизикалық қасиеттеріне әсер ететінін көрсетілді. Механикалық құрамына қарай, бұл топырақтарда орташа суглинисті және суглинисті бөлшектер басым, бұл олардың су өткізгіштігінің төмен екенін және тұздардың төменгі қабаттарда жиналуына ықпал ететінін көрсетеді.