Аннотация
Аңдатпа. Бұл мақала цифрлық экономиканың даму тенденцияларына және оның еңбек нарығына әсеріне арналған. Цифрлық экономика әлемдегі барлық салаларда жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек күшінің құрылымын өзгерту, еңбек нарығының сұраныс пен ұсыныс арасындағы балансты қамтамасыз ету мәселелерін туындатуда. Мақалада цифрлық технологиялардың бизнес, білім, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы рөлі қарастырылады, сондай-ақ олар еңбек нарығында қандай өзгерістер тудыратыны талданады.