1934 ЖЫЛҒЫ I БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚ ӨНЕРІ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ СЛЕТІ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ АСПАПТЫҚ МУЗЫКАСЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i3.1067
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі заман гуманитарлық ғылымдар зерттеулеріндегі маңызды мақсаттардың бірі – қоғамның өткені мен бүгінін түйсініп, болашақтағы бағыттарды жоспарлауға негізделген оның мәдениеті туралы тарихи түсінігін қалыптастыру болып табылатыны белгілі. Мұндай мақсатты жүзеге асыру этникалық сәйкестендіру үдерістерін түсінуге де өз ықпалын тигізеді. Осы ретте ұсынылып отырған мақала тақырыбының өзектілігі кеңестік кезең дамуының басында қазақ дәстүрлі аспаптық өнерінің тарихи фактілерін қалпына келтірудің маңыздылығымен байланысты. Осы орайда зерттеу материалы ретінде қазақ музыкасының көрнекті жинаушысы Александр Затаевичтің музыкалық-этнографиялық қызметінің 10 жылдығына арналған 1934 жылғы І Бүкілқазақстандық халық өнері қайраткерлері слетінің архивтік және жарияланған құжаттары алынды. Зерттеудің мақсаты сол құжаттар негізінде 1930 жылдардың ортасындағы қазақ дәстүрлі аспаптық музыкасының даму жағдайын зерделеу болып табылады. Мақаланы дайындау барысында слетке қатысушылардың құрамы, олардың қызметі, репертуары сипатталған дереккөздер, сондай-ақ, сол кездегі Қазақ АСКР үкіметінің халық өнерпаздарына деген мәдени саясатының бірізділігін куәландыратын құжаттар жиналып сарапталды. Мақалада кешенді және жүйелі тәсілдер, музыкалық-тарихи, ретроспективті және идеографиялық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында, соның ішінде – батысы мен Балқаш өңірінде қобыз дәстүрінің даму фактілері ашылып, оның таралу географиясы қазіргі замандағыдан анағұрлым кең екені анықталды. Слеттің бірнеше күнгі бағдарламаларында жарияланған деректер сыбызғы күйлерінің негізінен еліміздің батысы мен шығысында тарағанын растады. Қобыз өнерінде осы уақытқа дейін белгісіз Қорқыт күйлерінің, сондай-ақ, сыбызғыға арналған аңыз және тарихи күйлерінің болғаны анықталды. Слетте тартылған домбыра күйлері атауларының кейбіреулері А. Затаевич жинақтарынан белгілі болып, одан кейінгі кезеңдер мәдениетімізде насихатталса да, бірқатары жарияланған дереккөздерде кездеспегені мәлім болды. Бірнеше күй атаулары кейін жазылған басқа өңірлер нұсқаларымен бірдей немесе ұқсас атауда екені анықталды. Сонымен қатар, мұрағаттық құжаттардан алынған мәліметтер слеттен кейін халық аспаптары ұлттық оркестрінің құрамына кірген бірқатар көрнекті музыканттарды – синкреттік типтегі мәдениет жасаушылары ретінде сипаттайды. Мақала I Бүкілқазақстандық халық өнері қайраткерлерінің слеті туралы болашақта жазылатын зерттеменің бір бөлігі ретінде де қарастырылуы мүмкін. Оның құжаттарының мазмұны отандық өнердің басқа түрлері мен жанрлар тарихының қазірге дейін беймәлім болып келген тұстарын толықтаруға да көмекеседі.